Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2003 жылы атом өнеркәсібі саласына аяқ басқан Бейсембеков Тілеубай өзінің еңбек жолын “Қазатомөнеркәсіп-SaUran” уран өндіруші кәсіпорнында бастады. Содан бері 22 жыл бойы табандылықпен, үлкен жауапкершілікпен еңбек етіп келеді. 2018 жылдан бастап Орталық Мойынқұм кенішінде, ерітіндіні өңдеу бөлімінде 6-санаттағы аппаратшы болып жұмыс істейді. Өз ісіне адал, тәжірибесі мол маман ретінде әріптестері арасында зор құрметке ие.
Тілеубай Бейсембеков — отбасының тірегі, үлгілі әке. Екі қызы жоғары оқу орнында білім алуда, ал екі ұлы мектеп оқушысы. Ол отбасы мен сүйікті мамандығын өміріндегі басты байлық деп санайды.
Кәсіби маман 2024 жылы еңбек адамдарының мүддесін қорғау және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. Бұл Тілеубай Бейсембековтың жылдар бойғы қажырлы еңбегінің әділ бағасы.
Кейіпкеріміз қандай да бір жетістікке жету үшін әрқашан тайынбай еңбек етіп, ісіңе аса жауапкершілікпен қарау қажет екендігін алға тартады.