Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Құрметті теміржолшы Ертас Бейсбеков өзінің 63 жасын атап өтті. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басшылығы туған күн иесін құрметті демалысқа шығуымен құттықтап, темір жолдың дамуына қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсіби деңгейі және ісіне берілгендігі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды SKnews Rail-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Әріптестері Ертас Бектасұлына зор денсаулық, амандық және өмірдің жаңа кезеңіне өтуде жақсы көңіл-күйде болуын тіледі.
Ертас Бейсбеков өмірінің 46 жылын болат магистральға арнады. Еңбек еткен жылдарында ол өзін жоғары білікті және жауапты маман ретінде көрсете білді. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Қатынас жолдарының инженері» мамандығы бойынша бітірген. Темір жол көлігіндегі мінсіз қызметі өндірістік учаскелерде слесарь-аспапшы лауазымынан басталды.

Маневрлік посттың белгі берушісі, қабылдап-тапсырушы, төбешік бойынша кезекші, пойыздық диспетчер болып жұмыс істеді. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС тау жыныстарын тиеу және түсіру бөлімін, станцияны, үйлестіру департаментін басқарды. Соңғы жылдары «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Көпжылғы адал еңбегі үшін «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен, теміржол саласының жоғары наградасы – «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
72
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы