Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ орталық кеңсесінің қызметкерлері үшін сенбілік таң әдеттегідей қалалық саябақтарды абаттандырудан басталды.
Мұнайшылар бір ай бұрын «Бірге – таза Қазақстан» жалпыреспубликалық акциясы аясында отырғызылған жас көшеттерді суаруға шықты. Көшеттер сәтті тамыр жайып, қалаға көрік беріп тұр. Ал мұнайшылар апта сайын оларға қамқорлық жасап, суаруды жалғастырады.

Кестеге сәйкес, Заң департаменті қызметкерлері Тобанияз ескерткішінің аумағына егілген 100-ден астам жапырақты және жеміс ағаштарын суарды. ҚБМ заңгерлері алдымен аумақты қоқыс пен арамшөптерден тазартты, содан кейін суаруды бастады. Нәтижесінде саябақ мұнтаздай таза болды.
Суару жұмыстары Тарас Шевченко саябағында да қызу жүріп жатты. Онда коммерциялық блок қызметкерлері жасыл желектерді молынан суарды. Айта кетейік, қаражанбастықтар қажетті құралдарын алдын ала дайындаған. Осылайша мұнайшылар демалыс күнін таза ауада өткізуден бастады. Қала тұрғындарының да мұнайшыларды саябақтардан жиі кездестіруге көзі үйренген. Себебі олар өткен жылдан бастап, әр апта сайын дәстүрлі түрде қала көшелеріне ағаш отырғызып, суару жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

112
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!