Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы, «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасында Қазақстан мұнайының 125 жылдығы мен Қаламқас кен орнының 45-жылдығына орай «Қаламқас» атты жазба ақындардың облыстық ашық жыр мүшайрасы өтті.
Өндірістік басқарманың қолдауымен өткен шара тарихтағы Тұмар ханшайым, Бопай аналарымыздың жалғасындай болған, бүгінде аты ірі өндірістік басқармамен аталып, Маңғыстау тарихында ерекше орын алатын Қаламқас апаның және Қаламқас кен орыннан қара алтынды игеруде зор үлесі бар майталман мұнайшыларға арналды. «Майталман мұнайшылар» тақырыбында және Қаламқас апаға арнау арнап, еркін тақырыпта өнер көрсеткен ақындар төмендегідей марапаттарға ие болды:
Ақындарға марапатты «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ-ның бастығы Мақсат Нұрғабылов пен «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ бастығының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мұрат Батыршаев табыстады. Шара соңы Республикалық байқаулардың лауреаттары, өңірімізге танымал өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты. Қаламқастық мұнайшылар кешті жылы қабылдап, «Қаламқас апаны, майталман мұнайшыларды қайта тірілттіңдер, сіздерге көп рақмет»,-дей келе ақындарға шалқар шабыт тілеп өткізілген шараға алғыстарын жаудырды.