Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС және «Мемсараптама» РМК бүгін Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат «Қаламқас теңіз — Хазар» жобасы аясында жобалық шешімдерді кешенді талдауға және озық халықаралық тәжірибелерді интеграциялауға мемлекеттік сараптама мамандарының кеңінен тартылуын көздейді.
Меморандумға қол қою іс-шарасына ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Лукойл» ЖАҚ өкілдері қатысты.
«Қаламқас теңіз — Хазар» — Қазақстандағы ең ауқымды әрі күрделі технологиялық құрылыс жобаларының бірі. Жоба бойынша мұзға төзімді екі теңіз стационарлық платформаны, жағалау технологиялық кешенін және платформалар мен жағалау инфрақұрылымын байланыстыратын теңіз желілік нысандарын салу қарастырылған.
Жобаның маңызды аспектілерінің бірі – теңіз платформалары алғаш рет Қазақстан верфтерінде салынатын болады. Отандық кеме жасау мен мұнай-газ саласын дамыту үшін маңызды қадам жасалып, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және аралас салалардың дамуы қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта жобалық құжаттама (FEED, Front End Engineering Design кезеңі) халықаралық стандарттар бойынша әзірленуде, одан кейін ол Қазақстанның заңнамалық және техникалық талаптарына сай келтіріледі.
Меморандум «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің былтырғы Жарлығына сәйкес мемлекеттік сараптаманың мамандарын ерте кезеңде тартуды көздейді. Бұл Жарлық халықаралық стандарттар бойынша әзірленетін жобалық-сметалық құжаттаманы қазақстандық нормативтерге міндетті түрде сәйкестендірмей жобаларды іске асыруға рұқсат етеді, бұл мерзімдерді едәуір қысқартады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
55
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы