Главная Новости Қаламқас мұнайшылары модульді жатақханаға ие болды
07 ақпан 2023, 16:25 1657

Қаламқас мұнайшылары модульді жатақханаға ие болды

Қаламқас мұнайшылары модульді жатақханаға ие болды

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында кенорындардағы мұнайшылардың тұрмысын жақсарту мақсатындағы жұмыстар өз жалғасын тауып жатыр.

Қаламқас кенорында «Caspian FOOD» ЖШС инвестициялық жобасы аясында салынған №3 модульді жатақхана қолданысқа берілді.

Заманауи үлгідегі бұл 50 орынды жатақхананың кондиционерлі бөлмелері су жаңа жиһаздармен, төсек орындармен, теледидармен, тоңазытқыштармен жабдықталған. Әр бөлмеде санитарлық тораптар бар.

Жатақханадағы мұнайшылардың демалыс залында теледидар орнатылып, ыңғайлы жұмсақ дивандар қойылған.

«Қаламқастағы мұнайшыларымыздың тұрмысын жақсарту маңызды мәселелердің бірі, Бүгінде кенорынына қарасты 46 жатақхана бар. Оның 3-еуі модульді нысандар санатына кіреді», – деді «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ бастығының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мұрат Батыршаев.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: