Главная Новости «Қаламқас» ВИА топ жарды
18 қазан 2023, 14:45 1553

«Қаламқас» ВИА топ жарды

«Қаламқас» ВИА топ жарды

Жуырда Достық үйінде Ақтау қаласының 60 жылдығына және Маңғыстау облысының 50 жылдығына арналған «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестиваліне қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.

Аталған байқауда Алтынбек Сарғожаев, Ермұхан Жамансарин, Мархабат Бигелдинов, Жұмабай Ақмұрзаев, Талғат Жакупов сынды әріптестеріміз жетекшілік ететін «Қаламқас» вокальды –инструментальды ансамблі эстрадалық музыка жанры бойынша жүлделі 1-орынды еншіледі.

Жылына 1 рет өтетін өнер сайысы әр ауданның кіл мықтыларын сынға салатын нағыз өнер додасына айналғалы қашан. Бүгінде өндірісте жүріп өнердің саңлақтарына айналып үлгерген әріптестеріміздің қоржынында жүлде қоры жетерлік. 14 номинацияны қамтитын фестивальда топ жарған әріптестерімізді құттықтай отырып, шығармашылықтарына шабыт тілейміз.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: