Главная Новости «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы сайланды
12 қаңтар 2024, 08:30 1337

«Қаламқасмұнайгаз» ӨБ кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы сайланды

«Қаламқасмұнайгаз» ӨБ кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы сайланды

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас кеңсесінің мәжіліс залында «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ кәсіподақ комитетінің кезекті есеп беру – сайлау конференциясы болып өтті.

Конференция барысында «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ кәсіподақ комитетінің төрағасы Бердібек Қуатбай есеп беру кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, егжей-тегжейлі есеп берді.

Бердібек Бисенғалиұлы конференцияға қатысушы әріптестеріне, өзіне үлкен сенім білдіре отырып, кәсіподақ комитеті төрағасының лауазымына екі рет сайлағаны үшін үлкен алғысын айтты. Сонан соң, сатып алу департаменті және материалдық-техникалық жабдықтау департаментіне жұмысқа ауысуына байланысты, осы конференцияда «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасын сайлау қажеттігі туралы хабарлады.

Бұдан әрі, конференция регламентіне сәйкес, кезек «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасын дауыс беру арқылы сайлау рәсіміне берілді. Нәтижесінде кәсіподақ төрағасы болып «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ 4-МГӨЦ бастығы Әсет Сергейұлы Кенжеш бірауыздан сайланды.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Нұрпейіс Сәрсенбай Бердібек Бисенғалиұлына кәсіподақта атқарған абыройлы жұмысы үшін Компания басқармасының алғысын жеткізіп, еңбек жолына жаңа табыстар тіледі және жаңадан сайланған кәсіподақ төрағасы Әсет Сергейұлын жауапты лауазымға сайлануымен құттықтады.

Сонымен қатар, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ бастығы Мақсат Нұрғабылов, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Мәди Кентанов, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ кәсіподақ комитетінің төрағасы Бекес Құлмұрынов және басқа да конференцияға қатысушылар Бердібек Қуатбай мен Әсет Кенжешке ізгі тілектерін білдірді.

Өз кезегімізде Компания кәсіподағында болып жатқан өзгерістер оңынан болғай дей отырып, әріптестерімізге ынтымақ, жерімізге береке, әр шаңыраққа амандық тілейміз!

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: