Главная Новости Қаламқаста – жаңа өндірістік зертхана
18 наурыз 2021, 18:02 1589

Қаламқаста – жаңа өндірістік зертхана

Қаламқаста – жаңа өндірістік зертхана

Әз Наурыз мерекесі қарсаңында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қаламқас кен орны мұнайшыларына ерекше сыйлық тарту етті. Қаламқаста өндірілетін шикі мұнай мен су құрамын терең зерттеуге мүмкіндік беретін жаңа өндірістік-зертханалық кешені ашылды.

Мұнайшылары жаңа кешеннің ашылуын асыға күтті. Өйткені кенорнындағы жиырма жыл бұрын құрылған зертхана кешені әбден ескірген болатын. Оның үстіне ескі ғимараттағы тар бөлмелер заманауи талаптарға сай ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде қиындықтар тудыратын. Осылайша жаңа заман стандарттары мен талаптарына сай келетін зертхана кешені құрылысын салу қажеттілігі туды.

Жаңа кешеннің лентасы қиылып, зертхана есіктері айқара ашылғаннан кейін жиылған жұртшылық өндірістік-зертханалық орталықтың ішін аралады. Зертхана ғимаратының ауданы 1200 шаршы метрді құрайды: бірінші қабатта шикі мұнай мен ілеспе суды химиялық талдау зертханалары орналасқан, ал екінші қабатта ұңғылар мен ұңғылар қорының өнімділігін зерттеу зертханалары, бақылау-өлшеу құралдарының шеберханасы, басшылар мен қызметкерлердің кабинеттері, тұрмыстық бөлмелер, мәжіліс залы сияқты қызметкерлердің қызметі мен тұрмысы үшін қажетті бөлмелер орналасқан.

"Жаңа өндірістік-зертханалық кешеннің ашылуы Қаламқас мұнайшылары үшін өте маңызды, – деді цех бастығының орынбасары Сүйіндік Уәлиев. – Мүмкіндікті пайдалана отырып, мереке қарсаңында жасалған осындай тамаша сыйлық үшін Компания басшыларына, кешен құрылысына қатысқан мамандарға алғыс айтқым келеді. Қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған жаңа кешен бізге күніне мыңнан астам сынақ түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Енді өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етумен қатар еңбек өнімділігін де арттыруға қол жеткізе аламыз. Сондай-ақ, қызметкерлердің еңбек жағдайлары айтарлықтай жақсарғанын атап өткен жөн. Мұнда бір вахтада елуден астам қызметкер жұмыс істейтін болады, олардың қай-қайсысы да бұл кешеннің берер мүмкіндіктеріне дән риза болады деп ойлаймын.

Қаламқас кенорнында бүгінде тәулігіне 9 700 тоннадан аса мұнай өндіріледі. Енді жаңа зертханалық кешеннің ашылуымен қызметкерлерге өндірілетін шикі мұнай мен су сапасын бақылау әлдеқайда ыңғайлы және оңай болмақ.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: