Главная Новости Қаламқаста әуелеген әсем ән
30 желтоқсан 2021, 12:00 1868

Қаламқаста әуелеген әсем ән

Қаламқаста әуелеген әсем ән

Жаңа жыл мерекесінен тек балар емес ересектер де ерекше көңіл күй мен сый-сыйапат күтетіні белгілі. Әсіресе, вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкерлеріміз осындай мерекелер қарсаңында ерекше кештерге ынтызар болып жүреді. Осы орайда, жаңа жылдық мереклік күндерді жұмыс бабымен кенорнында қарсы алатын қаламқастық мұнайшыларға өндірістің қайнаған қазанынан бір сәтке суырылып шығып, рухани серігуге мүмкіндік беретін мерекелік концерттік шара тарту етілді.

Кеш шымылдығы Өскімбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы өнерпаздарының концерттік нөмірімен ашылды. Көрермен алдына алғаш болып құрылғанына аз ғана уақыт болса да, ерекше өнерімен көрерменін мойындатып, көне аспаптарды насихаттап, күйші бабалар есімдерін жаңғыртқан «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі күй шашуымен шықты. Ұлттық аспаптардың үнін үйлестіріп, дала сазын жаңаша әрлеп жеткізген ақшағылдықтар көрермен көзайымына айналды. Әсіресе Құрманғазының «Адай» күйі мен Дәулеткерейден жеткен «Көроғлы» туындылары жиналған жұртшылықтың делебесін қоздырып, құдды бір рухани күш алғандай күйде болды. Көрермен қиқуы, ду қол шапалақ.

Қызметтің алас-қапас тірлігі ұмыт болып, көңілдер жайланған шақта кезек құттықтау сөзіне берілді. Сахна төріне «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы басшылығы атынан Алмас Бержанов пен «Қаламқас мұнай-газ «ОSС» ЖШС өкілі Қайрат Дәрібаев көтеріліп, өз құттықтауларын жеткізді. Сөз алған азаматтар мұнайшыларға 2021 жылы атқарылған табанды еңбегі үшін алғысын жеткізіп, келер жылы да қызметтерінің қарқынды, еңбектерінің табысты болуын тіледі.

Одан әрі қаламқас аспанында ҚР мәдениет саласының үздігі Асанәлі Көшеров, республикалық дәстүрлі әншілер байқауларының лауреаты Жігер Бектұрғанов, «Қазақстан дауысы» байқауының жеңімпазы Бауыржан Ретбаев, Нұржанат Бисебаева және Гүлфайруз Баспаева сынды өнер саңлақтарының орындауындағы «Қазақстан», «Сүгірдің термесі», «Кел жаңа жыл», «Еркелейсің» секілді тыңдарманға танымал, жанға жағымды шығармалар қалықтады. Нақышына келтіріліп, жанды дауыста шырқалған әуезді әндер мен бабалардан қалған жауһар жырлар көрермен көңілін көкке көтерді. Көтеріңкі көңіл күй, мерекелі атмосфера. Қаламқас спорт кешені бір кешке мәдениет ошағына айналды.

Кеш барысында Филармония өнерпаздарының тартуынан бөлек қызықты ойындар мен көңілді конкурстар да ұйымдастырылды. Жастар жағы кір тасын көтеру, жаяу тартыс, баскетбол себетіне допты дәлдеп түсіру бойынша өз ара сынға түссе, аға буын мұнайшылар қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың ноталарға жасырылған әндерін шатаспай тауып, шебер орындау бойынша сайысқа түсті. Бір ерекшелігі – бұл сайыстарда жеңілген тарап болған жоқ. Ойындарға белсене қатысқан әр көрерменге сылық әзір тұрды. Біріне жаңа жылдық тәттілер жиынтығы берілсе, енді бірі қала сауда орындарынан тұрмыстық техника алуға құқық беретін арнайы сертификаттарға ие болды. Қаламқас кеші көңілді...

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: