Главная Новости Қаламқаста ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті
14 желтоқсан 2021, 16:25 1307

Қаламқаста ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Қаламқаста ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Еліміздің бас мерекесі – ҚР Тәуелсіздік күніне орайластырылған салтанатты шаралар тізбегі Қаламқас кенорнында мәресіәне жетті. Басқарма мүшелері мұнайшы мамандарды мерекемен құттықтап, үздіктерді құрметке бөледі. Сондай-ақ, осы күні ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған спорттық шаралардың да жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты шара ҚР мемлекеттік әнұранымен басталды. Мұнайшылар гимнді қосыла орындап, көк туға бет түзеп, мемлекеттік рәсіздерімізге құрмет көрсетті. Алғашқы құттықтау сөзі Маңғыстау ауданы әкімі Тілек Көшмағамбетов мырзаға берілді. Қаламқас кенорны орналасқан әкімшілік бірлік жетекшісі ретінде Көшмағамбетов мырза мұнайшыларға табанды еңбегі үшін алғас айтып, бір қатар азаматтарға өз марапаттарын табыстады. Құттықтау сөзі одан әрі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Дәулетжан Хасанов және «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ бастығы Нұрпейіс Сәрсенбай мырзалардың, сондай-ақ кәсіподақ ұйымы және сервистік мекемелер басшыларының ақжарма тілектерімен жалғасты.

Құттықтау сөздері одан әрі марпаттау рәсімдерімен жалғасты. Компания жеткен әрбір жетістіктің артында мұнайшының қажырлы еңбегі жатқаны сөзсіз. Азаматтардың талпынысы, кәсіби шеберлігі, сапалы жұмыс атқаруға деген ұмтылысы Компания мүддесіне ғана емес, жалпы республикамыздың да мүддесі үшін маңызды. Мұнайшы өндірген әрбір тамшы қара алтын халықтың қазынасына құт болып құйылып жатыр. Осы орайда, жыл бойы үздік еңбектің үлгісін көрсеткен майталман мұнайшылар түрлі деңгейдегі марапаттарды алып, өздеріне лайықты құрметке бөленді.

Салтанатты шара барысында тән саулығын күйіттеп, салауатты өмір салтын насихаттап жұрген мұнайшылар да марапатталды. Мереке құрметіне шағын-футбол, волейбол, үстел теннисі, қол күресі сынды спорт түрлернен өткізілген сайыстар жеңімпаздары медальдарын тағынып, қаржылай сыйлықтарға ие болды. Оған қоса, осы сайыстарда үздік ойын өрнегін көрсете білген мұнайшыларға да жеке марапаттар табысталды.

Салтанатты шара мұнайшы өнерпаздардың шашуымен қоса өріліп отырды. Өнер мен өндірісті қатар алып, екі салада да елеулі жетістікке жете білген азаматтар сахна төріне шығып, өнерлерімен тәнті етті. Мұнайшы жігіттерден құралған «Қаламқас» ансамблі «Туған жер» деп ән салса, жетібайлық Әлімжан, Талғаттар ырғақты әндерді әуелетіп, көпшіліктің көңілін таба білді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: