Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаламқас кен орнының Ю-1 «Центр» учаскесінде полимерлі суландыру жобасы және Ю-3 «СПС» учаскесінде өзара байланысқан полимерлік жүйелерді пайдалана отырып, мұнай беруді ұлғайтудың химиялық әдісінің технологиясы басталды.
Биылғы қарашаның басында Қаламқас кен орнында мұнай беруді ұлғайтудың химиялық әдістері технологиясының жобаларын ресми түрде іске қосу рәсімі өтті. Іс-шара аясында «Атриум Ақтөбе» ЖШС мердігерлік ұйымының командасы және француздық SNF компаниясы француз өндірісінің полимерлі ерітіндісін дайындау және айдау бойынша автоматтандырылған қондырғыны көрсетті және Ю-1 «Центр» учаскесінде полимерлі сулдандыру технологиясын айдаудың пилоттық стартын жүзеге асырды.

Сондай-ақ «ЕвразияГеохимТехинжиниринг» ЖШС компаниясының Ю-3 «СПС» учаскесінде өзара байланысқан полимерлік жүйелерді пайдалана отырып, мұнай беруді ұлғайтудың химиялық әдісінің тағы бір жобасы іске қосылды. Бұл жобалар Қаламқас кен орнындағы өндіру көлемін тұрақтандыруға және ұлғайтуға, сондай-ақ осы учаскелердегі сулануды азайтуға бағытталған.
Оң нәтиже берген кезде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ осы технологияларды басқа ұқсас учаскелерде көбейтуді жоспарлап отыр, бұл мұнай алу коэффициентін ұлғайтуға және кен орнын пайдалану мерзімін ұзартуға ықпал етеді.

Жобаны іске қосу салтанатына «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ басшылары, сондай-ақ «Атриум Ақтөбе» ЖШС, SNF SA, «ЕвразияГеохимТехинжиниринг» ЖШС басшылығы және тағы басқа қатысты.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»