Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
29-30 қазан аралығында Қаламқас кен орнының 45 жылдық мерекесіне орай шағын футболдан ұйымдастырылған турнир мұнайшылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Жарысқа өңіріміздегі мұнай саласының жетекші кәсіпорындарынан сегіз команда қатысты.
Ойын барысында командалар арасында бәсеке жоғары болды. Әр команда өздерінің шеберлігін көрсете отырып, тактикалық шешімдермен қарсыластарын таң қалдырды. Жанкүйерлер әрбір матчта қызықты сәттер мен тартысты ойындарға куә болды.
Турнир нәтижесі бойынша үздік командалар анықталды. «Қаражанбасмұнай» АҚ бірінші орынға ие болып, жарыс барысында өздерінің шеберліктерін тағы бір рет дәлелдеді. Екінші орынды «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ жеңіп алып, командалық жұмысымен жұртшылықты тәнті етті. Үшінші орынды «Жетібаймұнайгаз» ӨБ иеленіп, үздік тактика мен шеберліктің арқасында жоғары нәтижелерге жетті.

Жарыс барысында жекелеген ойыншылар да ерекше көзге түсті. «Үздік ойыншы» болып «Қаламқасмұнайгаз» командасының ойыншысы Нұржан Сарбасов танылды. «Үздік сұр мерген» атағы «ҚБМ» командасынан Изтаев Мақсатқа берілді. Ол көптеген гол соғып, командалық көрсеткіштерді жақсартты. Ал, «ҚБМ» командасының қақпашысы Бауыржан Нұғманов «үздік қақпашы» ретінде мықты қорғанысымен көзге түсті. «Үздік шабуылшы» атағы «Жетібаймұнайгаз» командасынан Бекмурзин Болатқа бұйырды. Ол ойын барысында тиімді шабуылдар жасап, қарсыластарын сан соқтырды. «Үздік қорғаушы» болып «ҚБМ» командасынан Ермұхамбет Балғабаев танылды.

Бұл турнир ардагер мұнайшылардың ынтымақтастығын, тәжірибесін және спортқа деген сүйіспеншілігін тағы да дәлелдеді. Мұнайшылар қауымы үшін мұндай шаралардың маңызы зор, өйткені олар бірлікті нығайтып, достық қарым-қатынасты арттыруға ықпал етеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
72
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
81
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы