Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Саналы ғұмырын пошта қызметіне арнап, қарапайым қызметкерден басшылық қызметке дейін көтерілген нәзік жандылардың бірі, Түркістан облыстық филиалының Логистика және өндіріс бөлімінің басшысы – Қалдыгүл Сәбденова. Ұлттық пошта операторында 30 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келе жатқан ол, бүгінгі сұхбатта қызығы мен шыжығы мол мамандыққа қалай келгенін әңгімелеп берді.
Кейіпкеріміздің сөзінше, ол болашақ мамандығы жайлы бала күнінен ойлаған.
«Мен өз мамандығым туралы мектеп жылдарынан ойлана бастадым. Пошта қызметін таңдауымның себебі, нағашы ағам Шардара аудандық байланыс торабының басшысы қызметінде болған. Ол еңбек жолын қарапайым монтер ретінде бастаған, ал анам экономист, сол сияқты нағашы апам «Союзпечать» мекемесінің басшысы лауазымында еңбек еткен. Осылайша нағашы жұртыма бой түзеп, таңдауым пошташы қызметіне түсті. Сөйтіп осы саладағы жұмысымды 1991 жылы байланыс операторы ретінде бастадым. Қазір бұл қызметте жүргеніме 30 жылдан асыпты, яғни еңбек өтілім 32 жыл», - дейді Қалдыгүл Сәбденова.
Сонымен бірге тәжірибелі пошташы басшылық қызметке қалай келгенін айтып, жас мамандар мен болашақ басшыларға құнды кеңестерімен бөлісті.
«Логистика-өндірістік бөлімнің басшысына зор еңбек пен талаптың арқасында келдім, себебі басшылық қызметке бізде ғана емес, жалпы кез келген компанияда бойында көшбасшылық қасиеттері бар, өз мамандығын жетік меңгерген, өз ісінің һас шеберлері ғана келеді. Басшы жақсы болса қызметкерлерде артық, үстеме жұмыс та болмайды. Сонымен бірге, басшылық қызмет өзгенің жетегінде кетпеу, өз сөзінде тұру, әділ әрі адал, бойында адами қасиеттері болу сынды талаптарды қажет етеді. Бұдан бөлек болашақ басшы әрдайым өз-өзіне, өзінің құзыреттілігіне сенімді болу керек. Яғни өзіне деген сенім болмаса қызметкерлерді басқару жұмысы оңайға соқпайтыны анық», - дейді біздің кейіпкер.
Қалдыгүл Сәбденова пошта жұмысы қызметкерлерден зор жауапкершілікті талап ететінін де атап өтті.
«Пошталық логистика және өндіріс бөлімі - пошта мен мерзімді басылымдарды қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің жаңа технологиялық процестерін әзірлейді және оны үнемі жетілдіріліп отырады. Бұған қоса, біздің бөлім көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру арқылы пошта бөлімшелері қызметінің тиімділігінің артуын қамтамасыз етеді. Яғни, аудан, облыс, магистраль ішінде поштаны тасымалдау, пошталық жөнелтілімді оны алушыға уақтылы жеткізумен айналысады. Басқаша айтқанда, біз жолдаушы мен алушыны көпір тәрізді байланыстырып отырамыз, себебі онда бір адамның тағдыры жатуы мүмкін ғой? Сонымен қатар пошта қызметтерінің сапасын арттыру туралы шағымдардың алдын алу жұмыстарына да баса мән береміз. Ал байланыс операторларынан тұтынушыларға мүмкіндігінше тез және сапалы қызмет көрсетуді, әрқашан сыпайы және әдепті болуды, корпоративтік стильді сақтауды, тұтынушыларды үнемі күліп қарсы алуды талап етеміз. Қазір интернет ғасырында, уақыттан қалмай, тұтынушылардың да талабын ескерген жөн», - дейді ол.
Тәжірибелі басшы, сонымен бірге, пошта қызметі адамнан зор жауапкершілікті талап еткенімен, аталған сала өте қызықты екенін алға тартты.
«Бұдан поштаның осы бөлімінде зор жауапкершілік жүктелетінін байқауға болады. Десе де соған қарамастан бұл жұмыс өте қызықты, өресі кең әрі тәрбиелік мәні зор», - дейді ол.
Сұхбат соңында Қалдыгүл Сәбденова Қазпошта қабырғасында талай жыл талмай еңбек етіп келе жатқанын мақтан тұтатынын айтты.
«Мен Қазпоштада жұмыс істей бастағанда, өзімді білікті әрі жан-жақты қызметкер ретінде көрсетуді мақсат еттім. Жылдар бойы тәжірибе жинай келе, өз білгенімді жас мамандармен бөлісуге тырысамын. Мен пошташы мамандығын таңдағаным үшін, ұзақ уақыт бойы біздің компанияның кең пейілді адамдарымен жұмыс істеп келе жатқаным үшін тағдырыма ризамын. Сол сияқты өз саласын жетік меңгерген, білікті басшы, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жұбанышқызының басшылығымен осы салада әлі де қажырлы қызмет ететініме сенімдімін», - деп сөзін аяқтады кейіпкер.
Майнұр Жанақова
«Қазпошта» АҚ PR қызметі
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
134
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»