Главная Новости Қалпына келтіру пойызының арнайы техникасы Атасу станциясындағы қарғын суды бұруға тартылды
29 наурыз 2024, 16:36 740

Қалпына келтіру пойызының арнайы техникасы Атасу станциясындағы қарғын суды бұруға тартылды

Қалпына келтіру пойызының арнайы техникасы Атасу станциясындағы қарғын суды бұруға тартылды

Жаңаарқа ауданы әкімінің өтініші бойынша Атасу станциясында су тасқыны қаупін жоюға шұғыл түрде түнгі уақытта Жаңаарқа станциясының қалпына келтіру пойызының арнайы техникасы тартылды. 

Еріген су ағынын ұстап тұру үшін жер жұмыстары жүргізілген Талды-Манақа өзенінің бөгетіне темір жолы арқылы Т-330 бульдозері жеткізілді. Арнайы техника бөгеттің шайылған учаскесін нығайту бойынша жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде су ағыны тоқтатылды, осылайша Атасу кентінің су басуына жол берілмеді.

Көктемгі су тасқыны кезеңінде пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін теміржолшылар жер төсемінің, көпірлердің, су өткізгіш құбырлардың, дренаждық құдықтардың және т.б. жағдайын бақылау шараларын күшейтті. Қажетті құрал-жабдықтары мен материалдары бар  шайып кетуге қарсы 45 пойыз толық дайындықта тұр.  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: