Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қандыағаш станциясы мен вокзал ұжымы «қаңтар оқиғасы» кезінде 34 сағат кідірген жолаушылар пойызындағы 300-ге жуық адамға тік тұрып қызмет көрсетті. Сол түндегі оқиғаны вокзал басшысы Жанна Иманова айтып берді.
«Қандыағаш станциясында тұрып қалған №38 Семей-Маңғыстау пойызының жолаушыларына қолдан келген барлық көмекті ұйымдастырдық. Вокзалдың бірінші қабатында «Мейірімді жүрек жылуы» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен ыстық тамақ берілді. Станция жұмысшылары күндізгі ауысымда 12 адам, түнгі ауысымда 5 адам қосымша көмекке келіп, жолаушыларға ыстық шәй, ас-су беріп, балаларға жаялық, сусын, сүт таратты», – дейді Жанна Иманова.
Айта кетейік, елде тіркелген төтенше жағдайға байланысты 5 қаңтар күндері Қандыағаш станциясына №37/38 жолаушы пойызы тоқтаған. Ішінде 275 жолаушысы бар 12 вагондық жолаушылар пойызының бастығы Қуатжан Исмағұлов қандыағаштық қонақжай теміржолшыларға жолаушылар атынан алғысын айтты.
Пойыз жолаушыларына Қандыағаш станциясының жеке кәсіпкерлері де азық-түлік таратуға көмектескен. Ыстық тамақ пен қажетті бұйымдар вагондарда да үлестірілген. Аудан әкімдігі жағдайды бақылауда ұстау және ұйымдастыру жұмыстарына көмектессе, желілік полиция қызметкерлері мен көлік прокуратурасы қауіпсіздік жайын қолға алыпты.
«Жалғыз біз емес, бүкіл қала бір кісідей көмек жасады. Әсіресе пойыз тоқтап тұрған кезде вагондарды көмірмен қамтамасыз еткен жеке кәсіпкер Азамат Ертаевқа рахмет. Бір жарым тәулік бойы жолаушылардың тоңбауына жағдай жасады», – дейді вокзал басшысы.
Ардақ Ерубаева
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
68
11 декабря 11:49
«Самрук-Қазына» представил планы по новым IPO на AIFC Connect в Абу-Даби