Главная Новости Қансұлу Ешжанова: өндіріске арналған 43 жылдық адал еңбек
05 февраля 2026, 12:44 40

Қансұлу Ешжанова: өндіріске арналған 43 жылдық адал еңбек

Қансұлу Ешжанова: өндіріске арналған 43 жылдық адал еңбек

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасына қарасты №1 Мұнай және газ өндіру цехының 5-дәрежелі операторы Қансұлу Мұратқызы Ешжанова – өндіріспен өмірін байланыстырған, адал еңбегімен ұжым құрметіне бөленген білікті маман.

Қансұлу Мұратқызының еңбек жолы – кәсіпорынның қалыптасу және даму кезеңдерімен тығыз өрілген 43 жылдық үздіксіз қызметтің айқын көрінісі. Осы жылдар ішінде ол өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарап, өндірістік процестердің тұрақты әрі қауіпсіз жүруіне өлшеусіз үлес қосты.

7-топтық қондырғыда қызмет атқара жүріп, тәуліктік мұнай өндіруді бақылау, автоматтандырылған жүйелерді қадағалау, құбыр қысымын тексеру, ұңғымаларды қабылдау және жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету секілді күрделі міндеттерді жоғары деңгейде атқарып келеді.

Әріптестері арасында сыйластыққа ие, тәжірибесі мол маман ұжымдағы ауызбіршілікті ерекше бағалайды. Жаңа технологиялар мен заманауи жабдықтарға тез бейімделіп, кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп отыру – оның еңбекке деген көзқарасының айғағы.

Қансұлу Мұратқызы – жас мамандар үшін үлгі болар тәлімгер. Ол өз тәжірибесін кейінгі буынмен бөлісіп, ізденіс пен үздіксіз дамудың маңызын үнемі айтып отырады.

Ұзақ жылдарғы адал еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Құрмет грамотасымен, кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттарымен марапатталып, Қазақстан мұнайының 125 жылдығына арналған ҚР Энергетика министрлігінің мерейтойлық төсбелгісіне ие болды.

Отбасында аяулы ана, өнегелі ене атанған Қансұлу Мұратқызы зейнетке шығу қарсаңында да болашаққа нақты жоспар құрып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін іс тігумен айналысуды мақсат етіп отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: