Главная Новости «Қапамсайға қамқорлық»: мұнайшылар сенбілік өткізді
17 мамыр 2021, 16:33 1894

«Қапамсайға қамқорлық»: мұнайшылар сенбілік өткізді

«Қапамсайға қамқорлық»: мұнайшылар сенбілік өткізді

«Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымы кезекті сенбілікке шықты. Орталық кеңседегі қаржы-экономикалық блок жұмысшылары Ақтау қаласынан 130 шақырым жердегі Қапамсай шатқалына баратын аумақты тазартты, деп хабарлайды SKnews.kz компанияның facebook парағына сілтеме жасап. Бұл аумақ облыс тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі.

ҚБМ жұмысшылары 100-ден астам қапқа пластикалық және шыны бөтелкелер мен тұрмыстық қатты қалдықтарды жинады. Маңғыстау облысының дала ландшафы ерекше назарды талап ететініндіктен, мұнайшылардың бұл жерді таңдауы бекер емес.

«Біздің компания қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да ұжыммен сенбілікке жиі шығамыз. Облыс тұрғындарын табиғат аясына шыққаннан кейін, демалған жердегі қоқысты жинауға шақырғым келеді. Өлкеміздің табиғаты ерекше, біз оған қамқорлық танытуға тиіспіз», – деді ҚБМ экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті Мырза Серіков.

Сенбілік «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жариялаған Экология жылы аясында ұйымдастырылды. Тазалық шарасына 30-ға жуық жұмысшы қатысты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: