Главная Новости Қара алтын игеруге ғұмырын арнаған Құралбек
31 наурыз 2023, 08:15 1194

Қара алтын игеруге ғұмырын арнаған Құралбек

Еңбек адамының ерлік естелігі – саланың даму тарихымен жұптасып таңбаланады. Қазыналы түбек қара алтынын игеруге саналы ғұмырын арнап, мәртебелі мамандығын өмір салтына айналдырған жұмысшылар – өндірістің қозғаушы күші. Солардың бірі - №2 мұнай өндіру цехының операторы Құралбек Таңбаев.

Кейіпкеріміз ғұмырының 35 жылға жуық уақытын Бозашы түбегін игеруге арнаған. Соңғы 20 жыл ішінде ол Қаражанбаста табан аудармай жұмыс істеп, кәсібінің нәсібін көріп келеді. Еңбек жолын мұнай өндіру цехының слесарі болып бастаған Құралбек кейін қызметін операторлық бағытқа бұрып, күн сайын ұңғымалардың жұмысын қадағалап, өндірілген сұйықтық көлеміне қатысты мәліметтерді тіркеуге жауапты. Өндірістік процесті бес саусағындай білетін кәсіби маман ұжымда адал дос, жас мұнайшыларға тағылымды тәлімгер.

«Жүктелген міндетті жауапкершілікпен орындау – әр маманды шыңға шығарады. Мен де Қаражанбастағы қызметім арқылы елімнің дамуына үлес қосып келемін. Бір шаңырақ астына ісіне адал жұмысшыларды жинаған сүйікті кен орнымыздың болашағы жарқын екеніне кәміл сенемін», - деді ол.

Терең білімі, мол тәжірибесі, асқан жауапкершілігі бар мұнайшылар компанияны табысқа жетелейді. Кейіпкеріміз сияқты өндіріс озаттары сындарлы сәттерде мойымай, қиындықты еңсере білді. Олар кен орнының әлі де қарыштап дамитынына кәміл сенеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: