Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бұрғылау — мұнай өндіру ісінің ең маңызды әрі бастапқы кезеңі. Онсыз жаңа кен орнын ашу, бар қорды толық пайдалану, өндіріс тұрақтылығын сақтау мүмкін емес. Бұрғышылар күніне орай ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны — «Қаражанбасмұнай» АҚ Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу департаментіне қарасты бұрғылау бригадасының ұжымын таныстырамыз.
Бұл бригада құрамында 12 адам бар. Олар жылына тереңдігі 500 метрге дейінгі 40-тан астам жаңа ұңғыма қазады. Геологтар зерттеуінің нәтижесінде белгіленген орында бұрғышылар тік, еңіс және зерттеу ұңғымаларын қазу жұмысын 5-7 күн ішінде орындайды. Бұрғылау — күндіз-түні үздіксіз жүретін процесс. Сондықтан мамандар қыстың аязы мен жаздың аптабына қарамастан еңбек етеді. Бір вахтада екі бригада күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы қажырлы, шыдамды, жауапты, бастысы қауіпсіздік техникасын мұқият сақтап, өз қызметін адал атқарып келе жатқан жұмысшылар.
Солардың бірі Ғалымжан Көптілеуов — бұрғылау ісіне өмірінің 23 жылын арнаған маман. Өндірісте мол тәжірибе жинаған жұмысшы соңғы 5 жыл көлемінде бригада шебері қызметін атқарып келеді.
Бұрғылауға 33 жыл бұрын бет бұрған Андрей Бобровский соңғы 23 жыл көлемінде Қаражанбаста табан аудармай жұмыс істеп келеді. Келер жылы зейнет демалысына шығатын бұрғышы мәртебелі мамандығын — мақтаныш санайды.
Бұрғылау барысында барлық операцияға қатысатын бұрғышының бірінші көмекшісі — Амандық Ермағанбетов жұмыстың сапалы, уақытылы жүруін бақылайды.
Әлімжан Көбесеитов пен Қайрат Тәңірбергенов еңбек жолын ұңғымаларды күрделі жөндеуден бастаған. Қазір олар бұрғылау бригадасы құрамында 5-дәрежелі көмекші қызметін атқарады.
Аға буынның ақылын тыңдап, шыңдалып келе жатқандар қатарында 4-дәрежелі бұрғышының көмекшілері Асылбек Бақытжанов пен Асылбек Сатыбалдиев, 3-дәрежелі көмекшілер Алаш Павиз бен Азамат Тілешов бар. Олар жаңа ұңғыма қазу кезінде механикалық жұмыстарды атқарады.
Бригадада аталған мамандардан бөлек, маңызды қызмет атқаратын басқа жұмысшылар бар. Олар — машинист, дәнекерлеуші, слесарь-жөндеушілер. Өндірісті өрге өрлетуге сүбелі үлес қосып жүрген ұжым туралы толығырақ ҚМГ сайтынан оқи аласыздар.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
51
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
58
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы