Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Облыс орталығы Қарағанды қаласында биыл 4 жайлы мектеп қолданысқа берілмек.
Бұл туралы жобаның бірыңғай операторы саналатын «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Малғаздаров
Ол ұлттық жобаның апаттық және үш ауысымды мектептерді жоюға бағытталғанын айтты.
«Қарағанды облысында 2023-2025 жылдар аралығында 18 мектеп қарастырылған. Оның ішінде 10 мектеп 2023-2024 жылдарға арналған, яғни осы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Оның ішінде 4 мектеп Қарағанды қаласында, 1 мектеп Балқаш қаласында және 5 мектеп ауылдарда салынады», – деді Малғаздаров «Міндет пен меже» бағдарламасына берген сұхбатында.
Қарағанды қаласы білім басқармасының мәліметінше, кеншілер шаһарында 1 үшауысымды мектеп болса, 9 білім ошағы жобалық қуатынан асып, шамадан тыс жүктелген. Тағы екі мекеменің ғимараты апаттық деп танылған. Осы орайда, Samruk-Kazyna Construction басшысының орынбасары қалада бой көтеріп жатқан білім ошақтарының біріне ерекше тоқталды.
«Бұл 2000 орындық мектеп «Кеңдала» деген шағын ауданда орналасқан. Біздің мектептердің айырмашылығы, біріншіден, кіші және үлкен сыныптар араласпайды, қиылыспайды. Буллингті болдырмау үшін 1-ші қабатта – кіші сыныптар, ал 3-4 қабаттарда үлкен сыныптар оқиды. Екінші айырмашылығы – спорт залдары. Бұл мектептің ішінде 4 спорт залы болады: екі үлкен және екі кішкентай. Үшінші айырмашылығы –мектептерде STEM-зертхана, робототехника, хореография залдары болады. Айта кететін тағы бір ерекшелігі, инклюзия кабинеттері қарастырылған», – деп атап өтті Басқарма Төрағасының орынбасары.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
47
09 декабря 13:41
Люди большой станции: истории тех, кто обеспечивает путь казахстанской нефти
62
09 декабря 12:49
ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды