Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Фото: Ерман Әбдиев
Тараз төріндегі «Алаш арена» футбол алаңында Сала кәсіподағының 30 жылдығына орай «Казкөліккәсіп 2022» – «Теміржолшылар футбол лигасының кубогі» турнирінің финалы өтті. Жарысқа бірнеше аймақтан бес команда қатысты.
Жамбыл локомотив пайдалану депосының командасынан бөлек Түркістан облысынан Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының, Қарағанды облысынан Қарағанды локомотив пайдалану депосының, Павлодар облысынан Екібастұз вагон пайдалану депосының және Атырау облысынан Атырау локомотив пайдалану депосының командалары қатысқан турнирдің ауқымы кең болды.
Ашылу салтанатына Астанадан арнайы келген Кәсіподақтың Орталық кеңесі Ұйымдастыру жұмыстары департаментінің директоры Нұрлан Нұрпейісов, «Астана» филиалы төрағасының орынбасары Әбиүр Жұмаев құттықтау сөз сөйлеп, командаларға жарыс жолында жеңіс пен сәттілік тіледі.
Ойын барысында барлық командалардың тас-түйін дайындықпен келгені көрініп тұрды. Доп додасына қатысушылардың көңіл-күйі де жоғары болды.
"Қазақстан темір жолының 25 жылдығы мен Сала кәсіподағының 30 жылдық даталары құрметіне өткен турнирге алты өңірдің кілең сайыпқыран ойыншылары жиналып, ә дегеннен тартысты өрбіп, шиеленіске толы болды. Қай команданың жеңіске жетері соңғы таймға дейін белгісіз болды. Дегенмен, Қарағандыдан келген қонақтардың мерейі үстем болып, турнир кубогын алып кетуі әділетті болды. Сөз жоқ, жігіттер өте шебер ойнады", – деді Жамбыл филиалының төрағасы Жұман Сәменов.
Жарыс соңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі де салтанатты жағдайда өтті. Бас жүлдені иемденген Қарағанды локомотив пайдалану депосының командасына үлкен құрмет пен қошемет көрсетілді. Екінші орыннан көрінген Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының командасы да лайықты марапатталды. Үшінші орын алған Атырау локомотив пайдалану депосының ойыншылары да сый-сияпатсыз қалмады.
Сонымен қатар турнирге белсене қатысып, командаларды дайындаудағы еңбегі үшін Мәди Қонысбаев (Екібастұз), Данияр Еңсебаев (Атырау), Қуаныш Таутанов (Қарағанды), Көмек Асанов (Арыс), Ерлан Мұқанов (Тараз) арнайы марапатталды. «Үздік ойыншы» болып Салғазы Тынысалым (Арыс), Ержан Айтжанов (Атырау), Алдияр Нұрсұлтанов (Қарағанды) танылса, «Үздік шабуылшы» аталымына Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкері Абылай Әбілхайыр ие болды.
Ерман Әбдиев
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
92
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
148
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
134
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету