Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның мұнай-газ саласына еңбек сіңірген қайраткерлермен кездесті. Кездесуге «Қаражанбасмұнай» АҚ орталық кеңсесінен ҚМГ Басқарма төрағасының өндіріс бойынша орынбасары Нұрсейіт Союнов, ҚБМ Бас директоры Марат Елеусінов және ардагерлер бейнеконференция арқылы қосылды.
Мағзұм Мырзағалиев қатысушыларға компанияның 2023 жылғы өндірістік қорытындысын таныстырды. Сондай-ақ ҚМГ-ның қазіргі инвестициялық және әлеуметтік жобалары бойынша жоспарларымен бөлісті. Басқарма Төрағасы ҚМГ өткен жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылағанын, оған қоса компания қызметінің нәтижелері алдыңғы жылғы көрсеткіштерден асып түскенін ерекше атап өтті.
«Біздің кездесуіміз – «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасының арқасында болып отыр. Бүгін біз еліміздің барлық өңірлеріндегі құрметті ардагерлерімізді жинадық. Біз сіздердің кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңызды зор ризашылықпен қабылдайтынымызды атап өткім келеді», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Өз кезегінде сала ардагерлері Ұлттық компанияны және еліміздің мұнай-газ саласын дамыту бойынша стратегиялық көзқарастарын білдіріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Жиналыс соңында Басқарма Төрағасы Қазақстан мұнайының 125 жылдығы аясында атқарылатын іс-шараларды талқылауда белсенділік танытқан ардагерлерге алғыс білдірді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
73
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы