Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас қойнауы тек қара алтынға емес, тарихқа да бай. Алғаш мұнай атқылаған 40 жылдан бері мұнда 2 мыңнан астам ұңғыма бұрғыланды. Бүгінде «Қаражанбасмұнай» АҚ Маңғыстау облысындағы мұнай өндіруші мекемелер арасында үздік үштікке кіреді.
Қаражанбастың тағы бір ерекшелігі – кен орны атауы. Бозащы түбегіндегі ауылдарда тұратын ақсақалдар мен өлкетанушылардың айтуынша кен орны атауына қатысты аңыздың бірнеше нұсқасы бар.
Солардың бірі жайлауға өріске шыққан мал, күн ыстықта сона мен шыбыннан қорғану үшін сордың қара батпағына аунайды екен. Осы аралықта жамбастары қара түске боялған түйе терісіндегі өзгерісті байқағандар «мал өрістен қара жамбас болып келді» дескен. Бұл батпақ топырақ бетіне шыққан мұнай лайы еді. Сондықтан бұл жерді Қаражанбас деп атаған.
Тағы бір жорамалға сүйенсек, кен орнының космостық суреті ірі қараның жамбас сүйегі пішініне өте ұқсас екен. «Қаражанбас» атауы осы себепті қалыптасуы мүмкін деген дерек орынды сияқты. Себебі қазақ, Қаражанбастан бөлек жерлерге де бедері мен пішініне қарап: Кіндікті, Сығынды, Қарабауыр, Құйрық және тағы басқа атаулар берген.
Аталған мәліметтерден бөлек, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың: «Айтпақшы, қазақ осы іргесінің көңі кеппейтін, қазаны оттан түспейтін, қарасы азаймайтын, қорасы ортаймайтын дәулеті барлар туралы «Қаражамбас қоңы бар күйлі үй» демеуші ме еді?! Кейін білдік, Маңғыстау да бар байлықты астына басқан нағыз қара жамбас мекен екен» деген сөздері еске түседі. Ұсынған деректердің барлығына «жамбас» ұғымының қатысы бар.
Дегенмен кен орнының атауы – Қаражанбас. Байқағаныңыздай, «жамбас» сөзі «м», ал «Қаражанбас» сөзі «н» әрпімен жазылған. Лингвистер пікірінше, орфографияға сай «Қаражанбас» болып жазылып, орфорэпия бойынша «Қаражамбас» деп айтылады.
Атауының өзі ерекше әрі тілдік нормаларға бағыныңқырамайтын қазыналы Қаражанбас бүгінде 40 жылдық тарихы бар өңірдегі ірі мұнай компаниясына айналды. Маңғыстаудың қара алтынын игеру жолында Қаражанбастың жетістігі жетерлік, әлі де алар асуы алда.
(«Қаражанбасмұнайгаз» АҚ facebook желісінен)
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
317
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи