Главная Новости Қаражанбас автоапаркінде – су жаңа 10 автобус
07 қазан 2022, 08:20 941

Қаражанбас автоапаркінде – су жаңа 10 автобус

Қаражанбас автоапаркінде – су жаңа 10 автобус

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның автопаркін жаңарту аясында су жаңа 10 автобус пайдалануға берілді. Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев техникаларды жаңарту жұмыстары қарқынды жалғасып жатқанын жеткізді.

Енді күн сайын мұнайшылар кен орны аумағында заманға сай жабдықталған автобустармен тасымалданады. Жағымды жаңалыққа қуанған жүргізушілер автобустардың кілтін ерекше ықыласпен қабылдады.

«Уақыт өткен сайын техникаларымыз ескіріп келеді. Автобустарымыз күн суықта оталмай, жөндеуде ұзақ тұрып қалатын. Енді мұның бәрі артта қалғанына сене алмай тұрмыз. Жаңа автобустарымыз заманауи талаптарға сай, көздің жауын алады. Қазірдің өзінде жұмысқа кірісуге асығып тұрмыз. Техникаларымызды жаңартып жатқан басшылыққа рақмет», – деді көлік қызметкерлері.

Одан соң, Қуанышбай Нұрғалиев №1 өндірістік базасындағы жөндеу бокстарына шолу жасап, жылыту маусымына дайындығын пысықтады. Бұдан бөлек, автотізбек басшыларымен кездесіп, ағымдағы еңбек мәселелерін талқылады. ТКБ тынысы ҚБМ Басқармасының ерекше назарында. Қазір мұндағы қордаланған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бойынша жұмыс топтары белсенді әрекет етіп жатыр. Басшылық алдағы уақытта техникаларды жаңарту жалғасатынын жеткізді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: