Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ автопаркі 13 бірлік жаңа арнайы техникамен толықты. Технологиялық көлік департаментінің №1 өндірістік базасы қызметкерлеріне 10, №2 гаражға 3 цементтеуші агрегаттың кілті табысталды.
Бұл автопаркті жаңғырту және процестерді автоматтандыру жоспары аясында жүзеге асып жатқан жұмыстың жалғасы. Пайдалануға берілген цементтеуші агрегаттар ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу кезінде құбырлардың қысымын өлшеп, жер қабаттарына су айдау, цементтеу қызметтерін атқарады. Оған қоса ыстық және салқын сумен ұңғыма бөлшектерін жууға, құбырларды шаюға пайдаланылады.
«Әрбір көлік құралы өндіріс процесінде үлкен рөл атқарады. Сондықтан ескірген техникаларды жаңартудың маңызы орасан зор. Жаңа көліктерді пайдалану жұмысқа жаңа серпін бере отырып, өндіріс үздіксіздігін сақтау мүмкіндігін молайтады», - деді көлік қызметкерлері.
Айта кету керек, Қаражанбастың қос гаражына жыл басынан бері 140 техника берілді. Автопаркті жаңғырту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
138
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»