Главная Новости Қаражанбас автопаркіне 16 арнайы техника қосылды
23 қаңтар 2023, 09:30 1210

Қаражанбас автопаркіне 16 арнайы техника қосылды

Қаражанбас автопаркіне 16 арнайы техника қосылды

Қаражанбас автопаркі 16 бірлік жаңа арнайы техникамен толықты. Бұл жолы технологиялық көлік басқармасы №1 өндірістік базасының қызметкерлеріне 10 автобус, 2 бульдозер және 2 жүк тиегіш көліктің кілті табысталды. Сонымен қатар, №2 өндірістік базаға 2 жолаушылар автобусы берілді.

ҚБМ көлік басқармасының Басқарушы директоры Нұрлан Дүйсебеков бұл автопаркті жаңғырту және процестерді автоматтандыру жоспары аясында басталған жұмыстың жалғасы екенін атап өтті. Заманауи бульдозерлер жер қазу, тегістеу жұмыстарын жүргізуге және экологиялық амбарларды өңдеу кезінде топырақты тегістеу үшін пайдаланылады.

Сонымен қатар өндірістік жұмыстар кезінде, ауыр жүктерді тиеп-түсіру үшін қолданылмақ. Жаңа мобильді арнайы техниканы пайдалану жұмыс бригадалары қызметіне жаңа серпін бере отырып, өндіріс үздіксіздігін сақтау мүмкіндігін молайта түседі.

«Жаңа техникалар келіп жатқандықтан көліктердің тоқтап қалу мен жөндеу жұмыстары айтарлықтай азайды», – дейді қызметкерлер.

Айта кету керек, өткен жылдан бері өндірістік база гараждары 70-тен астам көлікпен толықты. Автопаркті жаңғырту жұмыстары биыл да жалғасады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: