Главная Новости Қаражанбас энергетиктері – маңызды мамандық иелері
20 желтоқсан 2021, 08:31 1938

Қаражанбас энергетиктері – маңызды мамандық иелері

Қаражанбас энергетиктері – маңызды мамандық иелері

Желтоқсан айының әр үшінші жексенбісінде Қазақстанда энергетика саласы қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл «Қаражанбасмұнай» АҚ үшін жай ғана маңызды сала емес, ол өндірістің ажырамас бөлігі және өндірістік процестің қозғаушы күші саналады. Кен орнында барлық бағыттар бойынша электр энергиясын үздіксіз беру үшін арнайы нысан – ең соңғы техникалармен жарақтандырылған электр цехы жұмыс істейді. Аталмыш маңызды салада өз ісінің нағыз шебері саналған – электриктер жұмыс істейді.

Қаражанбас энергетиктері – электромонтерлер, шеберлер, инженерлер, жабдықтар мен желілерді жөндеушілер. Олар электр желілерін жүргізеді, сондай-ақ қосалқы инфрақұрылымның болуы мен жұмысын қамтамасыз етеді. Олар электр энергиясы қателіктерді кешірмейтінін нақты біледі, сондықтан ерекше жауапкершілік сезіне отырып жұмыс істейді. Электриктер цехтар мен электр желілеріндегі апаттарға қарсы тұрады, ыстықта желілерді жөндейді, суықта қатып қалудан қорғайды. Үздіксіз мұнай өндірілетін кен орнында олардың жұмысы аса маңызды орынға ие.

ЭЦ-ның негізгі міндеті объектілерді, мұнай өндіруге, бу өндіруге, су айдауға арналған сорғы қондырғыларын электрмен жабдықтау болып табылады. Цехта екі жүзге жуық маман жұмыс істейді. Олар өздеріне жүктелген барлық міндеттерді абыроймен орындайды. Қаражанбас энергетиктерінің арасында жұмыс тәжірибесі мол мамандар, сондай-ақ білімді де талапты жас толқын бар.

ЭЦ 8 жүйелік учаскені және электрмонтаждау жұмыстары учаскесін, электртехникалық зертхананы, автоматтандырылған жоғары жылдамдықты жетек учаскесін қамтиды. Кен орны объектілеріне электр энергиясын үздіксіз беру үшін барлық электр қондырғылары мен тораптарына күрделі жөндеу жүргізілді. Қазір электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі орнатылуда, электр энергиясын үнемдеу және ұтымды пайдалану, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

2019 жылы электр энергиясын нақты тұтыну 254 784 213 кВтс, 2020 жылы бұл көрсеткіш – 244 892 889 кВтс болса, 2021 жылдың 11 айында 236 484 123 кВтс құрады. Яғни 2020 жылы 2019 жылға қарағанда электр энергиясы 3,9%-ға аз тұтынылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: