Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас кен орнында алғашқы мұнай бұрқағының атқылауына 50 жыл толуына орай мерейтой іс-шаралары қайырымдылық акциясымен жалғасты. «Қаражанбасмұнай» АҚ облыстағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының материалдық техникалық-базасын жаңарту үшін қажетті жабдықтар сыйға тартты.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мақұлдауымен ҚБМ басшылығы аталмыш орталықтағы қызмет алушылардың денсаулығына, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін нығайтуға арналған жабдықтар табыс етті. Орталық басшылығы мен қамкөңіл қариялар емдік дене шынықтыру кабинетіне арналған тренажерлар мен спорт құралдарын, еңбек терапиясы үшін тігін машинасы мен түрлі саймандарды, тұрмыстық техникалар мен жиһаздарды қуанышпен қабыл алды.
«Компаниямыздың 50 жылдығына арналған шаралардың осындай демеушілік көмектен, сауапты істен басталғаны біз үшін де зор қуаныш. Қазақта «Ашыққанға балық берме, қармақ бер» деген керемет сөз бар. Біз әкелген жабдықтар кәделеріңізге жарап, денсаулықты нығайтып, оң нәтиже көрсетсеңіздер, біздің міндетіміздің орындалғаны», - деді әлеуметтік саясат департаменті директорының орынбасары М. Себасов.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 100-ге тарта қызмет алушы бар. Мұнда ең алдымен олардың денсаулығын жақсарту үшін медициналық қызмет көрсетіледі. Бұдан бөлек, ата-әжелердің бос уақытын тиімді пайдаланып, көңілін аулау үшін түрлі терапия жүргізетін арнайы кабинеттер жұмыс істейді. Ескірген жабдықтардың жаңарып, жоғының түгенделгеніне орталық әкімшілігі де дән риза.
«Қаражанбас мұнайшылары бізге үнемі келіп, қарттарымыздың қал-жағдайын сұрап, көмектерін аямайды. Бұл жолы да демеушілік көмек көрсетіп, осыншама құралдарды, қажетті заттарымызды әкеліп, қуанышымызды еселеді», - деді орталық директорының м.а. Ы. Құлатай.
Қаражанбастағы алғашқы мұнай фонтанының жарты ғасырлық мерейтойы компания үшін маңызды мереке. Сондықтан алдағы уақытта көптеген мәдени, спорттық, қайырымдылық іс-шаралары кестеге сай жалғасын табады.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
163
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»