Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ақтауда Қазақстан мұнайының 125 жылдығы мен Қаражанбас кен орнынан алғашқы мұнай бұрқағының атқылағанына 50 жыл толуына орай Халықаралық ғылыми-практикалық концеренция өтті. Шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар қатысты. Мақсат — қою мұнайды игеру әдістері мен технологияларын сараптап, жаңа жобаларды талқылау, ең бастысы Қаражанбас кен орнын дамыту переспективаларын қарастыру.
Ашылу салтанатында ҚБМ басшылығы қатысушыларды еліміздің мұнай саласындағы қос мерейтоймен құттықтап, жерасты байлығын тиімді әдістермен игеру саласына еңбек сіңіріп жүрген ғылыми қызметкерлер үлесін ерекше атап өтті. Пленарлық отырыста ғалымдар Қаражанбас кен орнында жер қабаттарына бу айдау тиімділігін арттыру әдістерінің бірі — ыстыққа төзімді пакерлерді қолдану тәжірибесі, жоғары температуралы тығыздағыш агент көмегімен жылуды қалпына келтіру технологиясы, қою мұнай өндірудің микробиологиялық технологиясы сияқты бірқатар тақырыптарға баяндама жасады.
Бұдан соң шетелдік сарапшылар ұқсас кен орындарындағы бу параметрлерін анықтауға арналған техникалық құрылғыны құру тәжірибесімен бөлісіп, мұнай ұңғымаларын құмнан химиялық қорғау технологияларын таныстырды. Өз кезегінде Қаражанбас кен орнына зерттеу жүргізген отандық ғалымдар ауыр мұнай эмульсияларын зерттеу жұмыстары туралы айтты. Сондай-ақ кен орны объектілерінде әсер етуші факторларды зерделеу және коррозияға қарсы күрес әдістерін жетілдіру бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Баяндамаларды толық тыңдаған қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді.

Жер қойнауы, табиғатты қорғау жəне тиімді пайдалануға қатысты ғылыми-техникалық прогресте геологияның мəні айрықша. Бұл бағытта жан-жақты зерттеу жүргізіп, мамандардың біліктілігін арттыру назардан тыс қалмайды. Мұндай шаралар нәтижесі кен орнының келешегіне оң ықпал етері анық.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
69
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
77
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы