Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жұмысшылардың әлеуметтік және тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында бой көтерген 192 орындық нысан заманауи талаптарға сай салынған.
Жатақханаға Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу департаментінің жұмысшылары қоныстанады.
Модульдік нысан әрқайсысының аумағы 500 шаршы метрге жуықтайтын 4 блоктан тұрады. Ғимарат металл жақтаудан жасалған және «сэндвич» типті сыртқы қабырға панельдерімен қапталған. Әр блок 3 адам сиятын 16 бөлмеден тұрады.
Бөлмелер жарық, жайлы, әрі қажетті техникалармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ мұнда демалыс, санитарлық, техникалық персоналға арналған және қазандық бөлмелері бар.