Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас кен орнында тәжірибеден өтіп,оқуын сәтті аяқтаған 22 студент дипломдарымен бірге алғашқы еңбек кітапшаларын алды. «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы тәжірибеге бағытталған оқыту жобасының шарапатын көрген Yessenov University мен Маңғыстау энергетикалық колледжі жасмамандарын үлкен өмірге қадам басуымен құттықтап, сәттілік тіледі.
ҚБМ мен YU арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында университет пен колледж студенттері 3 жылдан бері Қаражанбас кенорнында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тәжірибеден өтіп келеді. Ал былтырдан бастаполардың қатарын Маңғыстау энергетикалық колледжінің жастары толықтырды. Өндірістің қыр-сырын үйрету үшін әр студентке жетекші бекітілген. Болашақ мамандар тәжірибе кезінде кен орны тынысымен танысып, технологиялық және өндірістік процесстердің қалай жүзеге асатынына көз жеткізді. Жастар білім ордасында алған теориялық білімін Қаражанбас секілді ірі өндірі салаңында шыңдағанына дән риза.

«Нағыз маман болу үшін теориялық білімнен гөрі тәжіибеде мықты болу аса маңызды. Біз Қаражанбаста көп нәрсе үйреніп қана қоймай, нағыз мұнайшылар сияқты өндірістік нысандарда үлкен процестерге қатыстық. Тәжірибенің қызықты өткені сонша әр вахтамызды асыға күттік. Бұл біздің студенттік жылдарымыздың маңызды тарауы ретінде мәңгі есте қалады», - дейді түлектер.
Айта кетейік, меморандумға сәйкес, YUтүлектері өндірістік қажеттілік бойынша бос жұмыс орындарының «20%» қағидаты бойынша ҚБМ аутстаффингіне қабылдана алады. Ол үшін түлек аталмыш университетте өндіріске қажетті мамандықтар бойынша бакалавр немесе магистратураны үздік дипломмен тәмамдауы қажет. Үміткердің олимпиадалар мен түрлі ғылыми жобаларға, байқауларға қатысуы, ғылыми жетекшілердің ұсынысы, Қаражанбас кен орнындағы өндірістік жетекшілердің оң бағасын алғанына басымдық беріледі.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
78
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»
59
08 декабря 12:24
В Кокшетау строят современную ТЭЦ на технологиях «чистого угля»
98
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады