Главная Новости Қаражанбас кітапханасы – білімнің қайнар көзі
06 қазан 2021, 08:20 1712

Қаражанбас кітапханасы – білімнің қайнар көзі

Қаражанбас кітапханасы – білімнің қайнар көзі

«Ойшылдар мен ғалымдардың, ақындар мен жазушылардың шығармаларын насихаттап, кеше мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғастырып тұрған алтын көпір – осы киелі ғимарат – Кітапхана»  деп мұнайлы өлкенің перзенті, заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлы айтқандай, 1988 жылы Қаражанбас кен орнындағы Мәдени-демалыс орталығында кітапхана ашылды.

Кітапхана  қорында 7 мыңдай  кітап, 30 шақты газет-журналдар мен басылым түрлері бар. Кітаптар отандық және шетелдік жазушылардың әдеби, тарихи және тағы басқа бағыттардағы рухани дүниелерін қамтиды. Сондай-ақ, мұнайшылар үшін кәсіби білімін жетілдіруге керекті ғылыми, кәсіптік-техникалық басылымдармен қамтылған кітап қоры әр жыл сайын толықтырылып отырады.

Кітапханаға күн сайын 20-25 оқырман келіп, түрлі кітаптар мен газеттерді оқуға келеді. Жалпы кітапханаға 382 оқырман тіркелген. Оқу залы 20 орынға арналған. Кен орнында кітап оқуды әдетке айналдырған тұрақты оқырмандар жетерлік. Олардың басым көпшілігі детективтер, фантастика, тарихи әдебиет, классика, поэзия жанры бағытындағы кітаптарды жиі оқиды.

Компания басшылығы  кітапхана қызметіне үнемі қолдау көрсетіп отырады. Атап айтсақ, биыл кітапхана қоры  300 кітаппен толықты. Оның ішінде қазақша кітаптар, отандық және шетел жазушыларының шығармаларымен бірге кәсіптік бағыттағы оқу құралдары бар.  Компания басшылығының қолдауымен алынған әдебиеттердің ішінде Қабдеш Жұмаділовтың «Қылкөпір», «Дарабоз», Мұхтар Мағауиннің «Алдаспан», «Шыңғыс хан», Төлен Әбдікұлының «Оң қол», Дулат Исабековтың «Гауһар тас», Қадыр Мырза Әлінің «Жазмыш қасірет кітабы», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер», үздік шетел әдебиеттерінен Әзиз Несиннің  «Сиқыр айна», Гүзел Яхинаның «Зүлейханың оянуы», Халел Хоссейнидің «Жарқыраған мың күн»  шығармалары, сондай-ақ психология саласы бойынша Қуаныш Шонбайдың «Екінші болма», Ник Вучичтің «Өмірде шектеу жоқ», Наполеон Хиллдің «Золотой стандарт успеха и богатсва» және тағы басқа туындылары оқырмандар сұранысына ие.

Карантин жағдайында да кітапхана қауіпсіздік шараларын толық сақтай отырып, жұмыс істеп тұр. Оқу залында оқырмандар саны шектелген, санитарлық тазалық құралдарымен толық қамтылған.

Әр вахта ауысымында арнайы білімді кітапханашы еңбек етеді. Бұрын бұл қызметті Түркменова Катя, Қайлыбаева Балбибі, Тұрғазиева Рая сияқты апайларымыз атқарса, қазір  Роза Торғаева екеуіміз екі вахта ауысымы бойынша жұмыс істейміз.  Кітапхана ұжымы оқырмандарға қызмет көрсетумен қатар, атаулы және мерейлі даталарға арналған тақырыптық кештер, викториналар, диспуттар, шығармашылық кештер және басқа әр түрлі сайыстар, мәдени шаралар өткізеді.

Мәдени-ағарту, ақпараттық орталық ретінде кітапхана Қаражанбас кен орнының мұнайшыларының рухани дүниесін қалыптастыруда үлкен роль атқарады.

Ағила Ешімова,

«Қаражанбасмұнай» АҚ кітапханашысы

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: