Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас кен орны кітапханасында жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Ұлы даланың даңқты ұлы» кітап көрмесі жасақталды. Мұнайшылар жұмыстан тыс уақытта қарымды қалам иесінің қазақ әдебиетін дамытуға қосқан үлесімен танысып, жазушы қалдырған мұраны кезекпен оқуға кірісті.
Көрме үш бөлімнен тұрады. «Ұлттық рухтың шырағы» атты бірінші бөлімде жазушының өмірі мен қызметі туралы энциклопедиялар, анықтамалар мен әдебиеттер ұсынылған. Ал «Тарихи роман табиғаты» атты екінші бөлімге «Алтын Орда», «Қызыл террор» кезеңіндегі Алаш-Орда қиялының күйреу тарихын суреттейтін «Қатерлі өткел» романы, Маңғышлақ қазыналы түбегіндегі мұнайшылардың ерлікті еңбектерінің тарихын баяндайтын «Қара алтын» (Маңғыстау майданы) романы, Кеңес дәуіріндегі еңбек пен махаббат тақырыбы арқау болған «Алтын құс» романы, «Көшпенділер» трилогиясы қойылған.
«Халық жүрегіндегі қаламгер» атты үшінші бөлім сөресінен Ілияс Есенберлин шығармашылығы туралы «Жан сырым» атты Қазақстанның белгілі жазушыларының естеліктері, әдебиеттанушылардың еңбектері мен ойлары, нақыл сөздері туралы кітабы мен естелік суреттерді табуға болады.

Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі бірқатар көрнекті өкілдің мерейтойы. Осыған орай мұнайшылардың рухани байлығын молайтып, өлең-жырмен сусындату үшін түрлі бағыттағы мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
161
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете