Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас мұнайшылары кәсіби және адами қасиеттерді биік қойып, өз ісіне жауапкершілік танытумен ерекшеленеді. Өндірістегі жұмыстың қиындығына қарамастан, әріптесіміз өзге салада жаңа қырын ашты. Көптілеу Ақтулаев кен орнының көріністерінен шабыт алып, оларды суретке түсіргенді жақсы көреді.
Ол 15 жылдан астам уақыттан бері күрделі құрылыс бөлімінде аға инженер болып жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде кейіпкеріміз кен орнының көптеген нысандары құрылысына елеулі үлес қосты. Оның қатысуымен жүзеге асырылған ауқымды жұмыстың бірі – бу генератор паркін жаңарту жобасы. Есептеу, сызбалар мен өлшемдер саласында еңбек ететін, Көптілеу Ақтулаев қасиетті мекеннің әдемілігін көре алды. Осылайша қабілетті мұнайшы қолындағы камерасы арқылы қас-қағым сәттегі табиғат үйлесімділігін таспалайды.


«Қаражанбас нарықты дамыту және шикізат тасымалдау үшін әлеуетін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып келеді. Мұны технологиялық күрделі міндеттер шешілетін заманауи жобалардың ауқымы дәлелдейді. Ауысым кезінде біз кен орнының қайталанбас көріністеріне жиі куә боламыз. Әсерлі сәттерді мен телефон камерасына түсіріп аламын. Шабыт келгенде өлең де жазамын. Бұл менің мамандыққа деген шексіз құрметім мен адалдығым деп білемін», – дейді Көптілеу аға.
Кейіпкеріміздің белсенді еңбек жолы аяқталып, құрметті еңбек демалысына шығатын уақыт жақындап келеді. Ол бүкіл өмірін сүйікті ісіне арнап, көптеген пайдалы және маңызды істер атқарды. Жас буынға ағалық ақылын айтып, білім және тәжірибесімен бөлісті. Көптілеу Ақтулаев зейнетке шықса да, Қаражанбас мұрасының бір бөлігіне айналған фотосуреттері арқылы айналасындағыларға өз өлеңдерінде суреттеген кен орнының әсемдігі туралы айта бермек.



Дереккөз: «Қаражанбасмұнай» АҚ әлеуметтік желідегі парақшасы
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
77
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
85
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы