Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Маңғыстау мұнайының 60 жылдығына орай Әбіш Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде өңіріміздің мұнай-газ өнеркәсібіне арналған жаңа зал ашылды. Мұнда Маңғыстау жерінде қара алтын атқылаған кезден бастап, саланың қазірге дейінгі даму тарихымен таныстыратын 200-ден астам экспонат қойылған.
Залда мұнайлы мекеннің әр кен орнына арнайы бұрыш жасақталған. Солардың ішінде 40 жылдық тарихы бар Қаражанбас бұрышы – мұнай залының маңызды бөлшегі саналады. Оған орналастырылған әрбір жәдігер тамырын тереңге жайған қазыналы түбектің тарихынан сыр шертеді. Ақпарат тақтайшаларында жер астынан алынатын мұнайдың физикалық және химиялық қасиеттері жайлы мәліметтер болса, фотокөрмелерде кен орнының қалыптасу және даму тарихы бейнеленген. Сондай-ақ, витриналарда ардагер геологтар мен мұнайшылардың өмірі және қызметіне қатысты деректер топтастырылған.
Қаражанбас мұнайшыларының арнайы киімдері де ерекше көзге түседі. Оған қоса, колбаларда мұнай үлгілері, ұңғыма макеті және өндірісте қолданылатын жабдықтар бар. Бір сөзбен айтқанда, жаңа зал қара алтын өндірушілердің адал қызметі мен еңбекқорлығын сездіре отырып, кен орнының бүкіл ел үшін маңыздылығын айқындайды.
Қаражанбас – түбектің қазынасын қойнауына сақтаған қасиетті кен орын. «Қаражанбасмұнай» АҚ жыл сайын биік белестерді бағындырып, мұнайшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, өңірдің дамуына үлес қосып келеді. Сондықтан музейдегі мұнай залы әлі де мол мұрамен толыға түседі. Құнды жәдігерлер жинақталған бұрыштар бабадан балаға мирас болып қала бермек.
229
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!