Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ технологиялық көлік басқармасының жүргізушісі Айдын Ахметов пен №3 мұнай өндіру цехының операторы Нартай Алтыбаев кір тасын көтеруден Азия чемпионы атанып, екі алтын медаль жеңіп алды.
Бурабайда өткен Азия чемпионатына еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ Үндістан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Қырғызстан және Өзбекстаннан барлығы 300-ден астам спортшы жиналды. Десек те, Қаражанбас мықтыларына тең келер ешкім болған жоқ. Олар керемет нәтиже көрсетіп қана қоймай, жеңіс жолында ерекше ерік-жігер мен табандылық танытты.
Осылайша, мұнайшылар компанияның абыройын қорғап қана қоймай, еліміздің байрағын халықаралық аренада желбіретті.