Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбастың қос мұнайшысы кір тасын көтеруден екі дүркін Азия чемпионы атанды. №3 мұнай өндіру цехының операторы Нартай Алтыбаев пен технологиялық көлік департаментінің жүргізушісі Айдын Ахметов білектілер бәсекесінде топ жарып, алтын медаль қанжығалады.
Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен жарысқа 15 мемлекеттен 500-ден астам спортшы қатысты. Тартысты додаға әр үміткер ерекше дайындықпен келген. Қаражанбастықтар үш аталым бойынша бақ сынап, 73 келі салмақ дәрежесінде Нартай Алтыбаев ардагерлер, ерлер арасында және эстафетадан бірінші орынды жеңіп алды.

95 келі салмақта өнер көрсеткен Айдын Ахметов те жаттықтырушысының жетістігін қайталап, үш аталым бойынша шашасына шаң жұқтырмады. Нәтижесінде қос мұнайшы Қазақстан қоржынын 6 алтын медальмен толықтырды.

Чемпиондар үшін нағыз жауапты кезең енді басталды. Олар қазірден бастап алдағы Әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті. Кір тасын ұршықша иірген мұнайшылар намысты қолдан бермеуге барын салатынын айтады. ҚБМ басшылығы мен еңбек ұжымы чемпиондарды құттықтай отырып, жеңісті күндердің көп болатынына сенімді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
69
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
77
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы