Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының спорттағы жетістігі еселене түсті. Ақтауда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы олимпиаданың Батыс аймақтық іріктеу кезеңі өтті. Додаға төрт облыстан 30-ға жуық команда қатысты. Олар физикалық дайындық пен ой жүйріктігін сынға салатын 9 спорт түрі бойынша сайысқа түсіп, мықтыларды анықтады.
ҚБМ жұмысшылары үшін жарыс жеңіспен басталды. Қол күрес бойынша 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде № 2 мұнай өндіру цехының инженері Мейрамбек Маңғыбаев үздік үштіктен көрінсе, 80+ келі салмақ дәрежесінде бу өндіру цехының машинисі Бақтияр Тілеубаев жеңімпаз атанды.

Зияткерлік қабілетті дамытатын тоғызқұмалақ ойынында №3 МӨЦ операторы Бернұр Ғабдірасылұлының асығы алшысынан түсті. Ол үздіксіз дайындық арқасында мықтылығын тағы дәлелдеп, І орынды жеңіп алды.

Ал командалық жарыстар арасындағы алғашқы жүлде арқан тарту сайысынан бұйырды. ҚБМ жұмысшылары 6 кездесуді сәтті аяқтап, ақтық сында ОСК командасына есе жіберді. Осылайша біздің жігіттер бұл жолы да күміс жүлдеге лайық деп танылды.
Тартысты өткен жарыстың бірі – шағын футбол сайысы. Жасыл алаңда 27 команда чемпиондық атаққа таласты. Ойындар барысында аяқдоп шеберлері түрлі әдістерді ұтымды қолдануға тырысты. Бәсекеге толы жарыс қорытындысына сәйкес, ҚБМ командасы үшінші сатыға тұрақтады.
Салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар табыс етілді. Жеңіс тұғырына көтерілген мұнайшылар қыркүйек айында Бурабайда өтетін суперфиналға жолдама алды.

92
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
151
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
135
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету