Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ мұнайшылары кір тасын көтеруден Әлем чемпионатында жеңіс туын желбіретті.
Үндістан астанасы Нью-Делиде өткен жарыста 17 мемлекеттен келген 300-ге жуық спортшы арасынан №3 мұнай өндіру цехының операторы Нартай Алтыбаев пен технологиялық көлік басқармасының жүргізушісі Айдын Ахметов қазақ елінің намысын абыроймен қорғап, алтын медальді қанжығасына байлады.
Мұнайшылар байрақты бәсекеге мықты дайындықпен барды. Олар кір тасын әр көтерген сайын жеңіске деген жауапкершілікті ерекше сезіне түскенін жасырмайды. Төзімділік танытып, түрлі әдістерді тиімді қолдану арқасында Нартай Алтыбаев 78 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Ал 85 келі салмақта өнер көрсеткен Айдын Ахметов жылдар бойы жинаған тәжірибесін паш етіп, бәсекелестерінен басым түсті.

«Әлем чемпионаты – ауқымы кең жарыс. Кіл мықтылар арасынан суырылып шығу оңай болмады. Дегенмен, жылдар бойы жаттыққан адал еңбек пен маңдай тер арқасында алтын медаль алғанымызға қуаныштымыз. Бізге сенім артқан Отандастарымызға, үнемі қолдаудан жалықпайтын ҚБМ басшылығы мен әріптестерімізге шексіз алғыс білдіреміз», – деді қос чемпион.

Өндіріс пен спортты қатар алып жүрген жігіттер бұған дейін де ел көлеміндегі жарыстарда жеңімпаз атанып, Азия чемпионатында алдына жан салмады. Ал бұл жолы олар өз мықтылығын әлемдік аренада дәлелдеді.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
174
22 апреля 12:27
Түркістан әуежайына арналған мұнай базасын «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы салады
181
21 апреля 16:30
Қарағандылық теміржолшы әлемдік ареналарға жол тартты