Главная Новости Қаражанбас мұнайшылары студенттерге сабақ береді
26 тамыз 2021, 16:23 892

Қаражанбас мұнайшылары студенттерге сабақ береді

«Қаражанбасмұнай» АҚ мен Шахмардан Есенов атындағы КТжИУ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жаңа білім беру жобасы қолға алынды. Енді 1 қыркүйектен бастап ҚБМ-ның жас мамандар кеңесі мүшелері мұнай-газ бағытындағы студенттерге сабақ береді. Басты мақсат – болашақ мұнайшыларға білікті мамандардың тәжірибесін тарату және студенттердің өз мамандығына қызығушылығын арттыру.

ҚБМ басшылығы мен болашақ педагогтер университет өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жұмыс жоспары талқыланып, мұнайшыларды оқытушылық қызметке қабылдау туралы келісім-шартқа қол қойылды. Университет студенттеріне ғылыми-зерттеу жұмыстары цехының (ҒЗЖЦ) басшысы Айдын Қожаш пен №1 мұнай өндіру цехының (МӨЦ-1) аға геологы Бағдат Қойлыбаев өндірістің қыр-сырын үйретеді. Аталмыш мұнайшылар Қаражанбастың дамуына үлкен үлес қосып жүрген білікті мамандар.

«Біз де сіздер сияқты студент болдық. Өндірістік мекемеге жұмысқа орналасқаннан кейін теория мен тәжірибені ұштастырдық. Өз тәжірибемізді негізге ала отырып, біз болашақ мұнайшылармен білгенімізді бөлісіп, мұнай-газ ісін дамытудағы инновациялармен таныстырамыз. Ұсынысымызды қолдаған ҚБМ басшылығына алғысымызды білдіреміз. Бұл студенттер үшін де, біз үшін де үлкен мүмкіндік. Яғни өмірлік тәжірибе және білімді жаңартудың тиімді жолы. Біз өз міндетімізге жауапкершілікпен, қызығушылықпен кірісуге дайынбыз»,- деп атап өтті ҚБМ жас мамандар кеңесінің мүшесі Айдын Қожаш.

Мамандығының қыр-сырын меңгеруді мақсат тұтқан студенттер өндірістен келетін оқытушыларды асыға күтіп жүр. Айта кету керек, өткен жылы ҚБМ мен университет арасында меморандумға қол қойылып, 10 студент кен орнында тәжірибеден өтті. Олар өзіне жүктелген міндетке жауапкершілікпен қарап, берілген тапсырмаларды тиянақты орындады. Нәтижесінде жоғары оқу орнын бітірген дипломымен қатар, алғашқы еңбек кітапшасын да алды. Бұл тұста ҚБМ тарапынан бәсекеге қабілетті маңғыстаулық жастардың жаңа толқынын тәрбиелеу саясатын байқауға болады. Білім мен тәжірибені ұштастырған болашақ мұнайшылар компанияның кәсіби білікті мамандар қорын толықтыратыны анық.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: