Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ мұнайшысы кір тасын көтеруден ел чемпионатында тағы да алтын алды.
Түркістан облысында өткен жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүзден астам спортшы қатысқан. Тиегіш көлік жүргізушісі Айдын Ахметов 95 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, қарсыластарынан басым түсті. Осылайша ол екі дүркін ел чемпионы атанды.
Спортшының жетістігі – әріптесі әрі жаттықтырушысының да еңбегі. Нартай Алтыбаев № 3 мұнай өндіру цехында оператор болып жұмыс істейді. Демалыс кезінде ол спортшыларды жарыстарға дайындап, жеңіске жетелейді. Бұл жолы да оның чемпионатқа қатысқан 10 шәкірті жүлделі орындармен оралды.

«Өткен айда мен кір тасын көтеруден ел чемпионы атандым. Бір айдан кейін нәтижемді жаңартып отырмын. Мұның бәрі жаттықтырушымның жаттығуларды күшейтіп, оң жол нұсқауының арқасы деп білемін. Қолдау көрсеткені үшін әріптестеріме алғыс айтамын», – деді чемпион Айдын Ахметов.
Өндірістегі ауыр жұмысын аталмыш спорт түрімен қатар алып жүрген қаражанбастықтар бүгінде Азия чемпионатына дайындықты бастады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
131
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»