Главная Новости Қаражанбас мұнайшысы «Қазақстан барысына жолдама алды
09 маусым 2021, 08:29 1048

Қаражанбас мұнайшысы «Қазақстан барысына жолдама алды

Қаражанбас мұнайшысы «Қазақстан барысына жолдама алды

«Қаражанбасмұнай» АҚ-на қарайтын «Арғымақ Транс Сервис» ЖШС-нің шебері Жасұланбек Таңатов республикалық «Қазақстан барысы» сайысына жолдама алды. Ал тиегіш көлік тізгіндейтін Айдын Ахметов екі ай ішінде қос бірдей жарыстан жүлделі оралды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Жасұланбек Таңатов 1987 жылы Ақкетікте дүниеге келген. 14 жылдан бері «Арғымақ Транс Сервис» ЖШС-де жүргізуші, артынша шебер болып жұмыс істеп келеді. Жасөспірім шағынан қазақша күресті жанына серік еткен ол, жақында «Маңғыстау барысы» додасында екінші орынды қанжығасына байлады. Бұдан бөлек, түйе балуан Тараз қаласында өткен республикалық жарыста бақ сынап, тағы да екінші орынды жеңіп алды. Қазір ол шілдеде өтетін «Қазақстан барысына» қызу дайындық үстінде.

«Спорт – өмірімнің маңызды бөлігіне айналғандықтан, жұмыстан бос уақытымды жаттығуға арнаймын. Бағым мен бабым қатар шауып, жүлделерден үлесті болып жүрмін. Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шығады?! Жанкүйерлер сенімі маған жігер сыйлайды», – дейді Жасұланбек Таңатов.

10 жылдан астам уақыттан бері аталмыш серікестікте тиегіш көлік жүргізетін Айдын Ахметов те жастайынан жеңіл атлетикамен айналысады. 40 жастағы жұмысшының кір тасын көтерумен кәсіби түрде шұғылданып келе жатқанына биыл 3 жыл болыпты. Аз уақыт ішінде жеткен жетістігі де аз емес. Ақпан айында Ақтөбеде ерлер арасында өткен республикалық чемпионатта 2-орын иеленсе, Петропавл қаласында ардагерлер арасында бірінші сатыға көтерілді.

«Вахтада жүргенде қолым қалт етсе, жаттығу залына барамын. Демалыс кезінде де өз спорттық қалпымды сақтап жүруге тырысамын. Бапкерім Нартай Алтыбаев №2 МӨЦ-де жұмыс істейді. Сондықтан қайда жүрсем де бапкерімнің бақылауындамын. Болашақта осы спорт түрінен жетістіктерімді жаңартуды көздеймін», – дейді кір тасын көтеруден чемпион.

ҚБМ ұжымы спортты серік еткен жұмысшылардың әрбір жеңісін мақтан тұтады және алдағы уақытта да жеңіс туын желбірететініне кәміл сенеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: