Главная Новости Қаражанбас мұнайының 50 жылдығына арналған концерт өтті
21 тамыз 2024, 09:55 877

Қаражанбас мұнайының 50 жылдығына арналған концерт өтті

Қаражанбас мұнайының 50 жылдығына арналған концерт өтті

Биыл Бозашының жазық даласында алғаш мұнай бұрқағы атқылап, Қаражанбас кен орнының тарихы басталғанына жарты ғасыр толды. Осыған орай «Қаражанасмұнай» АҚ жыл басынан бері түрлі бағыттағы акциялар мен сайыстар өткізіп келеді. Ал бұл жолы вахталық кентте ақшаңқан үйлер тігіліп, компания жұмысшылары үшін ашық аспан астында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Жүрекжарды құттықтаулар, марапаттар мен концерттік бағдарлама мерейтой ажарын аша түсті.

Концерт «Қаражанбас-Қазынам» деректі фильмінің тұсаукесерімен басталды. Онда кен орнының ашылуына сүбелі үлес қосқан ардагер геолог Әділ Нұрманов 50 жылға шегініс жасап, Қаражанбас тарихының қалай басталғанын баяндайды. Сондай-ақ фильмде компанияның қалыптасу кезеңдері мен еңбек ұжымының жетістіктері тізбектелген.

Іс-шарада ҚБМ Басшылығы мен қос кәсіподақ төрағасы жұмысшыларды мерейтоймен құттықтады. Олар компанияның жан-жақты дамуы үшін отбасынан жырақта жұмыс істеп, ел экономикасын өрге сүйреуге атсалысқан әр мұнайшының еңбегін ерекше атап өтті.

«Қаражанбас тек Маңғыстау жұрты емес, тұтас ел мақтан тұтатын компанияларының біріне айналды. Бұл әрине сала ардагерлерінің сара жолымен болашаққа нық қадам басып келе жатқан мыңдаған мұнайшы еңбегінің жемісі. Өндіріс үздіксіздігін сақтап, белгіленген жоспарымызды уақытылы орындасақ әлі талай белесті бағындыратынымызға сенімдіміз. Кен орнымыздың алғашқы мұнай фонтанына 50 жыл толуымен баршаңызды құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, абырой биігінен көріне беріңіздер!»,- деді Бас директор Марат Елеусінов.

Қаражанбас білімді де білікті, өз ісінің майталманы атанған мұнайшыларымен қуатты. Мерейтойда «Үздік маман-2024» кәсіби шеберлік байқауында топ жарған жеңімпаздарға құрмет көрсетілді. Өз аталымы бойынша жүзден жүйрік атанған мұнайшыларға дипломдар табыс етілді.

«Бізді маман ретінде шыңдап, тәжірибелі әріптестер сыйлаған сүйікті кен орнымыздың 50 жылдығы құтты болсын! Елімізді дамыту жолында жұдырық боп жұмылып, жемісті еңбек етуге әрқашан дайынбыз. Қаражанбас мұнайы сарқылмай, еңбек адамдарының мәртебесі арта берсін!», - дейді мұнайшылар.

Өлке өндірісінде өзіндік орны бар ірі компания жұмысшыларын өңір өнерпаздары мен Қазақстан эстрадасының әншілері құттықтауға арнайы келді. Кеш хэдлайнерлері - танымал әндерімен тыңдарман жүрегінен орын алған Қайрат Баекенов, Қазыбек Құрайыш және Нұрболат Абдуллин қаражанбастықтарға таңдаулы туындыларын тарту етті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: