Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбамұнай» АҚ мұнайшылары шағын футболдан 40+ жас санаты бойынша ардагерлер арасында қалалық біріншілік турнирінде көш бастап тұр.
Соңғы кезеңнің қорытындысына сәйкес, ҚБМ құрамасы бірінші орынға шығып, мұнай, құрылыс компанияларынан жиналған 14 команданы артта қалдырды.
Бұл аптадағы кездесулер ҚБМ жұмысшылары үшін сәтті басталды. Ойынның алғашқы секундынан бәсекеге толы болған сайыс әр кезең сайын қыза түсті. Мұнайшылар алдымен «Заман» командасының аяқдопшыларын 3:2 есебімен жеңді. Кейін олар «DGD» құрамасымен тартысқа түсті. Тәжірибе мен шеберлікті тең ұстаған ҚБМ футболшылары қарсыластардан басым түсіп, 3:1 есебімен алға шықты.

Осылайша біздің жігіттер 14 команда арасынан ұпай саны бойынша бірінші орынға табан тіреді.
13 кезеңге созылатын ашық біріншіліктің 11 кезеңі сәтті аяқталды. Демек, жеңімпаздар анықталатын күн де алыс емес. Ал финал жақындаған сайын жауапкершілік жүгі артып, командалардың чемпион атануға құлшынысы еселеніп келеді. ҚБМ ұжымы футболшыларымызға сәттілік тілей отырып, жеңіс туын желбірететініне зор сенім артады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
71
18 декабря 18:31
Госнаграды получили заслуженные работники АлЭС ко Дню энергетика