Главная Новости Қаражанбас «Vision Zero» халықаралық тұжырымдамасына енгізілді
18 қазан 2022, 08:26 1933

Қаражанбас «Vision Zero» халықаралық тұжырымдамасына енгізілді

Қаражанбас «Vision Zero» халықаралық тұжырымдамасына енгізілді

«Қаражанбасмұнай» АҚ «Vision Zero» халықаралық нөлдік жарақаттану тұжырымдамасына қосылды. Бұл өндірістік жарақаттанудың алдын алуды ұйымдастырудың заманауи және сапалы тәсілі.

Аталмыш тұжырымдама – қауіпсіздік, еңбек гигиенасы және өндірістің барлық деңгейіндегі жұмысшылардың әл-ауқатын қамтиды. Тұжырымдамаға қатысу үшін ҚБМ еңбекті қорғау бойынша «Жеті алтын ереже» негізінде компанияда жүргізіліп жатқан жұмысты растауы қажет болды. Vision Zero-ның жаһандық мақсаты – «нөлдік көрсеткішке», яғни жарақатсыз және қызметке қатысты ауруларсыз жұмыс істеуге ұмтылу.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында 2022 жыл «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» болып жарияланды. Осыған орай ҚБМ «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша жарақаттануды болдырмауға, қауіпсіздік пен апатсыз өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жетілдіруге, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға, сондай-ақ аталмыш сала бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге ұмтылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: