Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Кен орнында өндіріс жұмыстары басталғалы бері қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан жұмысшылардың алдыңғы толқыны бүгінде сала ардагерлеріне айналып үлгерді. Майталман мамандар салған соқпақпен келе жатқандардың бірі – Балбибі Қайлыбаева.
Ол алғаш рет осыдан 35 жыл бұрын кен орнына қадам басып, еңбекке араласқан. Өндірісте алдымен өлшеуші, кейін диспетчер, химиялық су тазарту аппаратшысы, кітапханашы болып жұмыс істеген.
Балбибіні көбісі кітапханашы ретінде жақсы таниды. Себебі ол Қаражанбас кітапханасы өз алдына дербес жұмыс істеп бастаған жылдары аталмыш қызметтті алғашқы болып атқарған.

«Мен өз ісіне асқан сүйіспеншілікпен кірісетін адаммын. Қаражанбасты сондай жақсы көремін. Мұндағы әрбір ұжымдасым туысымдай ыстық. Кен орнында көптеген жұмыстарды жауапкершілікпен атқардым. Қызметті қиын, оңай деп бөлген емеспін. Еңбек еткен адам барлығына қол жеткізеді», – дейді ол.
Балбибі қазір Компанияның орталық кеңсесінде құжаттанушы болып жұмыс істейді. ҚБМ-ның әрбір кіріс және шығыс құжаттарын байыппен бақылап, ұқыпты қарайды. Кен орнында да, кеңседе де жұмыс істеп көрген ол, маман ретінде шыңдаған Қаражанбасқа дән риза.

«Өмірімнің 35 жылын мұнай саласына арнадым. Сол себепті Қаражанбас менің өмір кітабымдағы ең үлкен әрі маңызды тарау. Ғұмырымның осы салада, осындай ұжыммен өтіп жатқанына қуаныштымын. Қаражанбас тек жұмыс орны емес, нағыз өмірге тәрбиелейтін теңдессіз мектеп», – дейді Балбибі Қайлыбаева.
Қаражанбаста ғұмырын өндіріспен өрген үлгілі маман көп. Жас буын үлкендер салған сара жолмен жүріп, олардың өнегелі ісінен ғибрат алады. Бұл ұрпақтар сабақтастығын сақтаған ұйымшыл ұжымның болашағы жарқын екендігінің айқын кепілі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
97
30 января 14:32
Кружок «Юный железнодорожник» готовит будущие кадры для отрасли
102
30 января 13:21
План ремонтов на 2026 год: в Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину