Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Импульстік көздері бар сейсмикалық барлау әдісі дала жұмысының мерзімі мен шығынын едәуір азайтуға, геологиялық құрылымның детализациясын арттыруға және алынған сейсмикалық деректер сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жоба аясында қосымша мұнай қорын анықтау және Қаражанбас кен орнында 2 млн тоннаға дейін мұнай өндіру көзделген. Бұл алдағы 5 жыл ішінде табыс көлемін 187,8 миллиард теңгеге дейін ұлғайтпақ.
Қоршаған ортаға теріс әсер ететін дәстүрлі жарылғыш әдістермен салыстырғанда, жаңа технология қауіпсіз және ол қолжетімсіз жерлерде жұмыс істей алады.
Жоба аяқталғаннан кейін, бұл технологияны ерекше сезімтал табиғи аймақтар үшін, қолдану аясын кеңейту жоспарланып отыр. Олардың қатарында Каспий теңізінің транзиттік экологиялық аймағы да бар.