Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ орталық кеңсесінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиевтің төрағалығымен ҚБМ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.
Жиналыс барысында Директорлар кеңесі тапсырмаларының орындалуы, сондай-ақ компанияның қаржы-шаруашылық қызметіне, бюджетке, сатып алу жоспарына қатысты маңызды бағыттары қаралды. Негізгі мәселелердің бірі - ілеспе қабат суын тұшыту зауытын іске қосу жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Сонымен қатар, 2023 жылға арналған өндірістік бағдарлама және автопаркті кезең-кезеңімен жаңартуды қамтитын 2023 – 2027 жылдарға арналған бизнес-жоспар бекітілді. Алдағы 3 жылда 368 арнайы техниканы жаңарту жоспарланып отыр. Биыл осы бағыттағы жұмыстар басталып, кен орнының өндірістік объектілеріне жоспардағы 60 бірлік арнайы техниканың 26-сы келді.

Қаражанбас кен орнын дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – ресурстық базаны арттыру. Осыған байланысты кен орнының стратегиялық дамуы мен геологиялық қорларының өсу ықтимплдылығын ескере отырып, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Директорлар кеңесі ҚБМ Басқармасына перспективалы бағыттарды жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
44
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы