Главная Новости «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкері самбодан Азия және Океания чемпионатында топ жарды
21 мая 2026, 18:35 29

«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкері самбодан Азия және Океания чемпионатында топ жарды

«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкері самбодан Азия және Океания чемпионатында топ жарды

«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкері, бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу департаментінің шебері Сәндібек Дүйсенбеков самбодан спорт шеберлері арасында өткен Азия және Океания чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Халықаралық деңгейдегі байрақты бәсекеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолиядан келген үздік балуандар қатысты. Сәндібек Дүйсенбеков М-3 санаты бойынша 64 келі салмақта сынға түсіп, бірнеше қарсыласымен белдесті.

Жарыс барысында ол көпжылдық тәжірибесі, тың техникасы, жоғары физикалық дайындығы және жеңіске деген жігерінің арқасында ерекшеленді. Бұған дейін Азия чемпионаттарында қола және күміс жүлде иеленген спорт шебері бұл жолы төрешілер шешімімен І орынға лайық деп танылды.

Осы жеңістің нәтижесінде әріптесіміз күзде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

«Бұл мен үшін көптен күткен алтын болды. Бәрі тынбай дайындалған еңбегімнің жемісі деп ойлаймын. Алдағы ең үлкен жарыста да абыройлы өнер көрсетуге барымды саламын. Мені қолдаған ұжымыма, цех және компания басшылығына алғысым шексіз!»,- деді чемпион.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: